Бүгінгі күні қашықтықтан болсада барлық мүмкіндіктерді құр жібермей 2020ж. 4 мамырда № 83 мектеп-гимназиясы РОП операторымен бірлесіп «Тең мүмкіндіктер мейірімді экомектебі» атты республикалық вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты : оқушылармен олардың ата-аналарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру, экологиялық білімді дамытуға бағытталған интегралды тәсілдердің практикалық мүмкіндіктері туралы тәжірибе алмасу.
Бұл кездесуде мектебіміздің мұғалімдері: КК, Оразбай Тұрғанай, АБ негізгі пәндер арқылы оқушыларға экологиялық білім беру жолдарының жүйелі әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізі ретінде төмен көміртекті даму стратегиясымен таныстырып, табиғи қорларды қорғау жəне тимді пайдалану, адамзатты табиғи қорлармен қамтамасыз ету мәселесі және қалдықсыз технологияларды дамыту жолдарын көрсетті.
Сонымен қатар мектебіміздің оқушылары: Хамитов Альтаир, Көшербай Медина, Асан Сымбат өздерінің ғылыми жұмыстарын таныстырып, ғаламдық, аймақтық экологиялық мәселелердің пайда болу себептері мен оларды шешу жолдарын зерттеудегі жетістіктерімен бөлісті.