21-ақпан мектебімізде «Менің өмірімнің экомектебі» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының № 44, 46, 49, 57, 58, 74, 86 мектептерінен келген 70 оқушымен достық кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға STEM, робототехника, ғарыштану, CISCO зертханаларында танымдық сабақтар өткізілді.
Мектеп акт залында мектеп директоры Теменова Сәуле Ермұханқызы қонақтарды қарсы алып, жоба аясында өткен мектептегі іс-шаралар мек мектеп жетістіктерімен таныстырды. Болатов Альнур «Менің өмірімнің экомектебі» жобасының мақсаты мен міндеттерін, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, оларды іске жарата білу тәсілдерімен, көмірқышқыл газының зияны мен оның өндірілуін қалай азайту жолдарымен таныстырды.
CO2 мобильдік қолданбасы арқылы оқушылар көмірқышқылдың айына қанша мөлшерде өндірілетінін санап, оның мөлшерін азайтудың жолдарын ұсынды. 5-сынып оқушылары химиялық тәжірибелер арқылы CO2-нің бөліну жолын көрсетті. Kahoot! Танымдық ойыны арқылы экологиялық сұрақтарға жауап беріп, мобильдік қолданба арқылы сайысқа түсті. Сонымен қатар мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен бірге экологиялық-квест ойындарымен, «Эко әлем» үстелдік ойынын ойнап, экологиялық мәселелерге деген қызуғышылықтарын арттырды. Іс-шараны қонаққа келген оқушылар постерлерге күннен алған әсерлерлерін бөлісе қорытындылады. Қонаққа келген оқушыларға өздері қолдарымен безендіріп, суреттерін салған экосөмкелер сыйлыққа берілді. Бұл кездесу оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін оятуға бағытталған. Кездесу барысында оқушылардың экологиялық ой-санасын жаңа арнаға бұрып, әрбіреуін еліміз бен қаламыздың экологиялық
саулығы үшін жауапкершілігін арттыру көзделді.