"Жүрегіңнің түбіне терең бойла..." атты мектебімізде Абай Құнанбайұлына 175 жыл толуына орай ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған әдеби - сазды кеш болып өтті.
Мақсаты: Абай Құнанбайұлының шығармашылығын терең түсіну, жас өркеннің әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсу.
Кеш барысында оқушылар мен ұстаздар ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқып, әндерін орындап, Абайдың балалаық шағынан кемелдену кезеңіне дейінгі өмірін сипаттаған көріністер қойылды.
Кеш қонағы болған Абайтанушы ақын елордадағы "Абай орталығы" мұражайының негізін қалаушы Алмахан Мұхаметқалиқызы оқушылардың ынта - жігері мен дебиетке деген сүйіспеншілігіне риза болып алғысын білдірді.
Сахна т өріне Абай атасының жолын қуған жас қаламгерлер өз шығармашылығын тарту етсе, бірі домбырамен күмбірлете күй тартып жатты. Ұстаздар да қалыс қалмай қара сөздер оқып, өлеңдерін жатқа айтуда алдына жан салмады. Ән төгіле өлең сөздері бойлай сахна төрін кең жайлауға айналдырғандай болды. 2 сағатқа жуық Абай Құнанбайұлының шығармашлығы кеңінен насихатталғандай болды