Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Школа-гимназия № 83 имени Ибрая Алтынсарина» акимата города Астана


+7 7172 49-07-40

«Экомектеп менің өмірім» жобасы бойынша мектепшілік «Пакет? ЖОҚ Рахмет! акциясы

28-қарашада мектебімізде «Экомектеп менің өмірім» жобасы аясында мектепшілік «Пакет? ЖОҚ  Рахмет! акциясы өтті. Акцияда мектебіміздің оқушылары мен ата-аналары және де Ақмола облысының Жібек жолы және Аршалы ауылдарының орта мектептерінен 40 оқушы және сынып жетекшіері қатысты. Оқушыларға STEM, робототехника, ғарыштану, CISKO сыныптарында танымдық сабақтар өткізілді.


    Мектеп акт залында Татьяна Николаевна Немцан және Ирина Немцан «Менің өмірімнің экомектебі» жобасының мақсаты мен міндеттерін, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, оларды іске жарата білудің тәсілдерімен, көмірқышқыл газының зияны мен оның өндірілуін қалай азайту жолдарымен бөлісті. CO2 мобильдік қолданбасы арқылы оқушылар көмірқышқылдың айына қанша мөлшерде өндірілетіндерін санап, оның мөлшерін азайтудың жолдарын ұсынды.                 
    8 сынып оқушылары Қоянбаев Абдрахман, Исмагулов Дияс, Сейталина Малика, Тоқанов Әлім химиялық тәжірибе арқылы CO2-нің бөліну жолын көрсетті. Kahoot!  танымдық ойыны арқылы экологиялық сұрақтарға жауап беріп, мобилдік қолданба арқылы сайысқа түсті. Сонымен қатар оқушылар Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымының мүшелерімен бірге  «ЭКО ӘЛЕМ» ойынын ойнап, экологиялық мәселелерге деген қызығушылықтарын арттырды.  1-11 сынып оқушылары арасында  «Пакет? ЖОҚ  Рахмет!» ұранымен экосөмкелер сайысы өткізілді. Ата-аналар және қонақтар ең үздік деген сөмкені таңдады. Сайыста жеңіске жеткен Алтынбекова Ақмаржан, Әуезхан Саламат, Орақ Інжу, Маратова Бірғаным, Абибулаева Фаризаға мектеп директоры сыйлықтар марапаттады. Қонаққа келген оқушыларға өздері қолдарымен безендіріп, суретерін салған экосөмкелер сыйлыққа берілді. Бұл жоба оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершік сезімін оятуға бағытталған. Жоба пластикалық пакеттерді пайдалануды экологиялық қауіпсіз қағаз пакеттермен немесе бірнеше рет қолдануға болатын мата қалталармен алмастыру арқылы азайтуды көздейді. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде оқушылардың экологиялық ой-санасын жаңа арнаға бұрып, әрбіреуінің еліміз бен қаламыздың экологиялық саулығы үшін жауапкершілігін арттыру көзделді.


Комментариев нет
1093 просмотров
Автор: 83mektep
Добавлено: 28.11.2019 в 16:45

Послание Президента

Час добропорядочности

Жарменова Гульмира Сергазиевна

ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ

 ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ Г.Нұр-Сұлтан

Choose Colour