Меню KDT


 

№83 мектеп-гимназиясының ұстаздар ұжымындағы қарым-қатынасты жақсарту,  дамыту мақсатында мектеп психологтерінің ұйымдастыруымен тимбилдинг өткізілді.

«Тимбилдинг» - бұл әлеуметтік-психологиялық тренинг, оның негізгі мақсаты – қызметкерлер ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру болып табылады. 

Ұжымда - қолайлы ортамен пікірлестердің біріккен командасы болса,  мектептің жетістікке жету мүмкіншілігі көп. Ұжымдағы жақсы көңіл-күйдің маңызы зор, ол әр қызметкер үшін үлкен рөл атқарады. Сондықтан, қызметкерлердің қарым-қатынасы мен жұмысы сапасын жақсартуға көмектесетін жақсы тренинг, - өте жақсы басқару құралы. Тимбилдинг – қызметкерлердің жеке қасиеттерін - қандай мүмкіндіктері бар екенін, күрделі жағдайларда өздерін қалай ұстайтындарын білуге көмектесетін өте жақсы тәсіл. 2019 жыл  наурыз айының қорытындысы бойынша

 



«Бақытты отбасы» партия жобасының аясында Алматы ауданы бойынша  «Әкелер слеті» форумында мектеп психологі Абылкасымова Назым психологиялық жаттығулар жүргізді.  Мақсаты:Қоғамда әкелер рөлін арттыру, отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
2019 жылдың қорытындысы бойынша 




18-22 желтоқсан аралығында
«Психология әлемінде» атты психология апталығы өткізілді

Мақсаты мен міндеттері:оқытушылардың психологиялық мәдениетін қалыптастыру,психология ғылымы туралы білімдерін кеңейту, мектептегі психалогиялық климатты жақсарту.
 

Апталық барысында «Үзіліс уақыты» деп аталатын фотосурет көрмесі ұйымдастырылды. Үзіліс кезінде балалардың қуанышты, бақытты сәттері объективке енді. Ең позитивті суреттер плактқа жабсырылып, көрме ұйымдастырылды.
 

9-10 сынып оқушылары арасында «Психологиялық бейне» сайысы болды. Мақсаты: оқушылардың топ болып бірлесе жұмыс жасауын нығайту, психологиялық сауаттылықтарын, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру. Бұл сайыс бойынша  1 орын - 9 л сыныбы, 2 орын – 9 б сыныбы, 3 орын – 10 ә және 9 а сыныптары иеленді. Сыныптар мақтау қағазымен марапатталды.



Мейірімділік күндері» атты психологиялық тілектер қабырғасы  бірінші қабатқа ілінді. Оқушылар ұстаздарға, достарына жылы лебіздерін жазып қалдырды.



 

 «Жылдың ең үздік мұғалімі»  атты әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға – 266 оқушы қатысты.

 

«Номинация»

Мұғалімдердің аты-жөні

  1. «Ең жақсы»

 

Гульнур Кудайбергеновна

Рымтай Магауяновна

 Акмарал  Кымбатовна

Шынар Нурмухамедовна

  1. «Қатал»

 

Ержігіт Шыназбекұлы

Батыр Жәнібек

Шакенов Нұрсұлтан

Жанар Азкеновна

Гаухар Манаповна

Кулпаш Болегеновна

Назгүл Аманжоловна

Тамара Сейтмановна

  1. «Ашық»

Закия Тауфиковна

Назым Уйсембековна

  1. «Әділ»

 

Таңшолпан Жайлыбайқызы

Мархаба Ахметовна

Айгерім Сериковна

Найля Ашмахуновна

«Көңілді»

       

Минан Меруерт

Рақым Дидар

Жадыра Мамыковна

Бекзат Канатович

Нурлан Зулкарнайнович

Сауалнамада көп дауыс жинаған мұғалімдер номинация бойынша мақтау  қағазымен марапатталды.

 





2017-2018 оқу жылының қараша айында мектебімізде Астана қаласының Білім басқармасы және Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Мен өмірді таңдаймын!» қалалық семинар 8-11 сынып оқушыларына өткізілді. Танымал психолог  - Дюсембаев Айкын Шамшиденович семинарды жүргізді. Оқушылар іс-шараға белсене қатысты, өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап ала алды.







 

«Өзіндік даму психологиясы» үйірмесі

«Шығармашылық шеберханасы» сабақтары
 





      Мектебіміздің психологы Абылкасымова Назым Уйсембековна қараша айының 1-3 күндері аралығында Алматы қаласында өткен республикалық «Үздік жыл психологі - 2017» конкурсына қатысып, «Үздік практикалық іс-шара» номинация иегері атанды.

   

     "ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ұйымдастыруымен жыл сайын болатын конкурсқа Абылкасымова Н.У. жұмыс өтілі 7 жылдан асқан категориясында 36 психологпен сайысқа түсті. Сайыс эссе жазу, портфолио, шеберлік сағатын көрсету, «Психологтың ғажайып әлемі» тақырыбында монолог оқу кезеңдерінен тұрды.






















 

 

 

 

Список пуст
Контакты
город Нұр-Султан
улица А. Байтурсынова,
дом 35
тел. 49-07-40
Опрос
Оцените школьный сайт:

Голосовать

Статистика сайта
  • За месяц879
  • За неделю211
  • Вчера23
  • Сегодня2
  • Онлайн:0
Мы в социальных сетях
Посмотреть на карте Астаны