Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 65 01 32

Білім беру сапасын арттыру, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және педагогтердің кәсіби дамуын қолдау


2026 жылғы 29 қазанда Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында №2 педагогикалық кеңес өтті. Кеңестің негізгі тақырыбы – «Білім беру сапасын арттыру, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және педагогтердің кәсіби дамуын қолдау».

Педагогикалық кеңесте бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша білім сапасы мен оқу үлгеріміне талдау жасалып, білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды. Сонымен қатар «BilimClass» электрондық журналы мен ҰББДҚ порталының уақытылы әрі сапалы толтырылуы мәселесі талқыланды.

Кеңес барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары және мектептегі қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ пилоттық жоба аясындағы педагогтерді аттестаттау қағидаларындағы өзгерістер, мектептегі педагогикалық-психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру, «Балажан» платформасын енгізу және оқушыларды психологиялық диагностикалау мәселелері қаралды.

Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша білім сапасын арттыру, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, психологиялық қолдау жұмыстарын жетілдіру және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бағытында тиісті міндеттер айқындалды.

Педагогикалық кеңес – білім беру сапасын жақсартуға, өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға және ортақ шешім қабылдауға бағытталған маңызды кәсіби алаң.














 


Пікір жоқ
8 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 03.11.2026 в 11:33

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour