Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 65 01 32

ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР | ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ


ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР | ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ

2026 жылғы 13 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен "Жаратылыстану-математика бағытындағы пәнаралық байланыс арқылы білім алушылардың зерттеу дағдылары және функционалдық сауаттылығын жетілдіру" тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинарға қала мектептері мен қауымдастық педагогтері қатысты.

Мақсаты – ЖМБ пәндері арқылы:
зерттеу дағдыларын дамыту,
функционалдық сауаттылықты арттыру,
білімді өмірмен байланыстыру,
тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру . Салтанатты бөлімде мектеп директоры Жарменова Гульмира Сергазиевна құттықтау сөз сөйлеп, білім беру үдерісіндегі пәнаралық ықпалдастықтың маңыздылығына тоқталды.
Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы әдіскері Мәдениет Хабатұлы алғы сөзінде кәсіби ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Бағдарлама аясында «Ғылым әлеміне саяхат: зерттеу, талдау, жаңалық» көрмесі
«Болашақтың кодын іздеу» театрландырылған көрінісі, мазмұнды баяндама, ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.
Семинар жұмысы фасилитациялық панельмен жалғасып,Педагогикалық шеберлік орталығы тренері Т. Нугербаевтың қатысуымен«Оқу үрдісіндегі пәнаралық байланыстар» тақырыбында кәсіби талқылау өтті.
Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы әдіскері Мәдениет Хабатұлы іс-шара бойынша қауымдастық мектептер байланысына рефлективті кері байланыс жасап, кәсіби ынтымақтастықтың маңызын атап өтті .Семинар барысында №70 мектеп-лицей,№74 мектеп-гимназия,№53 мектеп-лицей мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар – жаңа идеялар мен кәсіби серпін алаңы болды!





Пікір жоқ
24 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 17.02.2026 в 14:09

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour