Бүгін мектебімізде “Қауіпсіздік пен сенімнің негізін қалаймыз” тақырыбында 6-сыныптардың ата-аналарына арналған ашық есік күні өтті.
Шара мектеп психологтары ұйымдастырған тренингпен басталды.
Сынып жетекшілер мен ата-аналар баланың оқуға деген ынтасын арттыруда мектеп пен отбасының әрекеттестігі, бала мен ата-ана арасындағы ортақ қызығушылықтың маңызы, үй тапсырмасын орындауда кездесетін қиындықтар, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыптарында ой өрбітті.
Ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, кеңес алды.
Пікір жоқ
20 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 18.10.2025 в 15:47


