Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті


Бүгін Астана қаласында №83 И.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясында Білім басқармасының және «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту Бірінші вице-министрі Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева, Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайырбаева Маржан Жамбылқызы,
ата-аналар мен педагогтар қатысты.
Мектептің Емдік дене шынықтыру мамандары, логопедтері, психологтары және дефектологтары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Инклюзивті кеңістіктер логопедке, дефектологқа, психологқа және қыш шеберханасына арналған арнайы аймақтары бар кабинеттерден тұрады, бұл мамандарға әр оқушымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, бөлек емдік дене шынықтыру кабинеті бар.
Мұның бәрі балаларға қажетті дағдыларды дамытуға және мектеп ортасына құрдастарымен бірге бейімделуге көмектеседі.
Мұндай формат білім беру және түзету сабақтарын біріктіріп, оқуды барынша қолжетімді әрі жайлы етеді.



Пікір жоқ
60 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 25.09.2025 в 12:03

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour