Заманауи мектептегі инклюзивті білім беру
2 наурыз күні Астана қаласының Білім басқармасы, Әдістемелік орталығы және №83 мектеп-гимназиясы ұжымының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары басшыларына арналған «Заманауи мектептегі инклюзивті білім беру» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты – Ы. Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы педагогтерінің барлық оқушылардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін қанағаттандыратын білім беру ортасын құру бойынша озық іс-тәжірибелерімен бөлісу болды.
Семинар барысында қатысушылар мен қонақтар ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың қатысуымен мектепте нәтижелі жүзеге асып жатқан жобалармен танысып, сыныптан тыс іс-шаралар мен педагогтердің ашық сабақтарына қатысты. Сонымен қатар арнайы мамандар мен психологтар жеке және топтық сабақтар, тренингтер өткізді.
Семинар соңында қатысушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың концертін тамашалап, іс-шара жұмысына оң бағасын берді.