https://www.instagram.com/p/Co31aXloJ38/
14 ақпан күні мектеп кітапханасында қазақтың халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушысы Тұрсын Жұртбаймен кездесу өтті. Кездесуге 10-сынып оқушылары, мұғалімдер, басқа мектептің кітапхана қызметкері қатысты. Кездесуді мектебіміздің жас маманы Шалғынбай Нұрбек жүгізді. Тұрсын Жұртбай кездесуді өзінің балалық шағын әңгімелеуден бастап, абайтану әлемінен аяқтады. Оқушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Алаш және Әуезов туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Кездесу оқушылар үшін де, ұстаздар үшін де үлкен әсер қалдырды.
Пікір жоқ
195 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 18.02.2023 в 15:21