Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

«Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз» Ыбырай Алтынсарин


Білім ошағының табалдырығын аттаған балалардың барлығы талантты, дарынды. Тек олардың бойындағы қабілетін ашып, жан-жақты дамуына жол сілтеп, шығармашылық қатынасын, азаматтық белсенділігін қалыптастырудың маңызы зор. Мектебімізде оқушылардың танымын кеңейтуге, ізденімпаздылық қасиетін арттыру мақсатында «Алаш», «Тәуелсіздік», «Қолөнер», «Зеленое золото», «Ғарыштану», «Майбалық», «Природное очистка воды», «Ғасырлар бейнесі», «Правильное питание», «Kids farm», «STEM», «Мамина улыбка», атты көптеген жобалар іске асырылуда. Шәкірттеріміз ұстаздарынан бағыт ала отырып, өздерін қызықтырған тақырып бойынша жұмыс жасап келеді. Сол бірқатар жұмыстарды сіздерге ұсынбақпыз.




Экологиялық білім берудің ең маңызды міндеті – мектеп оқушыларының табиғат, оның құндылықтары, ондағы адам әрекеті, экологиялық проблемалар туралы білімдерін іс жүзінде игеру. Бұл мәселе, оның ішінде оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу процесінде шешіледі. Осылайша, мектебіміздің оқушылары бірегей жобалар жасады: «Жасыл алтын» (екі мыңнан астам жабық гүлдер өсіру), «Гидропоника» (өсімдіктерді топырақсыз өсіру техникасын зерттеу және қолдану), «Фитоаптека», «Аграрлық» (мектеп алаңында жүгері, бидай және күнбағыс егістерін өсіру, содан кейін сау тамақ дайындау).

Мектебіміздің үлгілі шәкіртінің бірі 6 «В» сынып оқушысы Айтуған Назым «Бидайдың адам өміріне маңыздылығы» тақырыбында биология пәні мұғалімі Жүргенбай Таңшолпан Жайлыбайқызының жетекшілігімен зерттеу жұмысын жасап келеді. Бидай дәнінің құрылымын зерттеу, бидайдың адам өміріндегі маңыздылығын анықтау, бидайды ұтымды пайдалануды үйрету жұмыстарызерттеудің мақсаты болып табылады.
«Жүгеріні салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде пайдалану» тақырыбында жас маманымыз Салауат Таңшолпанның ғылыми жетекшілігімен 8 «Ж» сынып оқушысы Жүніс Айым айналысып келеді. Бұл жұмыс жүгерінің пайда болу тарихы және өсімдікті адамдардың пайдалануы туралы білімдерін толықтырады. Жүгеріні пайдалану бойынша кеңестерді қолдана алады.

«Мектеп алаңында күнбағыстың өсіру тәсілдері мен технологиясын зерттеу» тақырыбында 7 «Б» сынып оқушысы Шамшат Кәусар ғылыми жетекшісі Жылгельдина Макпал Акылбековнамен зерттеу жұмысын жасады.

«Мектеп алаңында күнбағыс өсіру оңай, ол күнді жақсы көреді және оған ұқсайды. Сондай-ақ күнбағыс адамға үлкен пайда әкеледі. Енді мен осы өсімдіктің неге сонша егістікке отырғызылғанын түсіндім. Менің жұмысымның мәліметтері күнбағыс тұқымдарының көптеген пайдалы қасиеттері бар екенін көрсетеді.Бірақ, сонымен бірге, сіз бұл өнімді ағзаға қалай пайдалы пайдалану керектігін білуіңіз керек. Бұл материалды салауатты өмір салтына арналған сынып сағаттарында немесе сыныптан тыс шараларда қолдануға болады» - дейді жас зерттеуші.
Бұл жоба арқылы біздің мектебіміздің оқушыларының жеке тұлғасын дамытуда оң нәтиже берді. Олардың қоянға деген қызығушылықтары, сүйіспеншілігі және қамқорлығы арқасында мейірімділігі артты. Соның нәтижесінде кейбір оқушылардың қызығушылықтары артып, үйлерінде де қоян асыраған оқушылар болды.

 


Пікір жоқ
256 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 03.11.2022 в 17:12

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour