Қоғамда музей қызметінің көтерер салмағы орасан. Музей қоғам мүшелеріне, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме болғандықтан, бүгінгі тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарының ұлттық сана-сезімінің өршіл болып қалыптасуына және оларды отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін қазіргі заманға сай, ғылыми негізде жүйеленген мектептебіміздің музейі көптеген жұмыстар атқарып келеді.
Музейдің негізгі жұмысы-тарих арқылы тарихи-мәдени ескерткіштерді, тарихи оқиғаларды насихаттау, әдеби тұлғалармен қанық таныс ету, сол арқылы жас ұрпақты рухани - адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу.
Туған елінің тарихын,салт-дәстүрін, өткен тұрмыс-тіршілігін, тәуелсіздік жолынтағы қатпарлы қиын жолдарын зерттей отырып сол жолда еңбек еткен ұлт мақтаныштарын қадірлей, қастерлей отырып, білім алу, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, өнерін үйренуге, тарихын дәріптей білуге баулу. Осы мақсатта мектебіміздегі «Ұлы дала өркениеті» музейі негізгі 4 бағытта ; Еліміздің кешегісі мен бүгінінен сыр шертетін Қазақстан тарихы бөлімі, тарих төріндегі басты байлығымыз Тәуелсіз Қазақстанның осы жылдардағы жеткен әлеуеті жайлы «Тәуелсіз Қазақстан» бөлімі, елімнің баба салты мен дәстүрін насихаттауға бағытталған этнографиялық бөлім, ел ертеңі үшін білім мен мәдениетте өшпес із қалдырған ұлы ұстаз Ы. Алтынсарин сынды әдеби тұлғалар жайлы тың мәліметке толы төрт бағытта жұмыс атқарады.
Бүгінде музей жұмысының атқарып тұрған рөлі білім әлемінде оразан зор. Ауызбен айтып түсіндіру мен көзбен көріп қанық болу білім беруде сөзсіз тиімді. Оған сабақ барысында куә болып жүрміз. Мектебіміздегі музей жұмысының гүлденген сәтінен бері жеткен жетістіктері аз емес. Музейді қамту, жаңарған түрде тарихты жандандыра отырып қорын дамыта түсу үлкен жауапкершілік пен ізденімпаздықты талап етеді. Көпшіліктің де музей саласындағы жұымысының қиындыққа тап болып жататындығы осының дәлелі.
Ендеше, мектебіміздегі музей қоры бай болып, рухы жандана түссе екен дейміз!