Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

ЫБЫРАЙ – ҰСТАЗДАРДЫҢ ҰСТАЗЫ


 

 

Ыбырай тек халық мектебін қалыптастырушы ғана емес, ол жалпы түркі елдеріндегі зайырлы мектептің негізін салушы тұлға.

Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогикалық қызметінде оқушылардың тəрбие мəселесіне ғана емес, еңбек білімінің мəселелеріне де үлкен назар аударып отырған, сондықтан ол Торғайда қолөнер училищесін ашты, кейін ол Яковлев училищесі деп аталды. Бастапқыда ол облыстағы барлық уездің қалаларында бір орталық училищеден ашуға шешім қабылдады. Торғай облысының ауылдары бойынша жүріп, халықтан қаражат жинады. Содан кейін Елек, Николаев, Торғай, Ырғыз уездерінде бір екі сыныптық орыс-қазақ училищеден ашты. Оларды оқушылар мен мұғалімдерге толтырды. Мектептерді ашпас бұрын Алтынсарин елді мекендердің аумақтық орналасуын, халықтың жиілігін алдын ала зерттеп отырды, содан кейін ғана мектептерді ашуға кірісті. Қазақстандағы əйелдер білім алуының басы Алтынсарин есімімен байланысты. Осы маңызды бастауда да ол патша өкіметі жағынан кедергілерге тап болды. Ал Ырғызда қазақ қыздарына арналған интернаты бар арнайы мектеп ашылғанда, оның қуанышында шек болған жоқ. Уездік, болыстық, ауыл мектептерінің ашылуымен бірге, Алтынсариннің басты еңбектерінің бірі – бұл 1883 жылы Орск қаласында тұңғыш қазақ Мұғалімдер мектебінің ашылуы. Онда қазақ мектептері үшін мұғалімдерді даярлады.

Ыбырай Алтынсарин – жаңа дəуірдегі қазақ əдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосты. Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оқу, өнер-білім, техника тілін білуге шақырады. Өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай?, олар сол өнермен нені игеріп отыр?, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не? деген секілді күрделі мəселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой-тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады. Өмірдегі шындықты жазды, өмірге аса қажет жаңалықтарды дəріптеді. Мысалы: «Кел балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар», «Əй, достарым», «Əй, жігіттер» деген өлеңдерінде жастарды білім алуға үгіттеп, халықты сол кездегі ғылымның табыстарымен таныстырды, көркем сөзбен жазылған əңгімелерінде халықты отырықшылыққа егін, қолөнері кəсіптерімен шұғылдануға үгіттеді. Бар саналы ғұмырын өз халқының бақытты əрі сауатты болуы үшін сарп еткен данышпан Ұстаз бір өзі мың кісі болып қызмет атқарды.

Бұл күнде Алтынсариннің арманы орындалып, қазақ халқы кемел білім мен кенен ғылымның арқасында өркениет көшіне ілесті. «Өнер, білім бəрі де, оқуменен табылған» деді Ұстаз. Ендеше, кітап оқитын, көкірегі ояу, көзғарақты оқушыларымыз көп болсын. Биыл білім беру бағдарламасына қайта қосылған əліппемен қауышқан ұрпақ қазақ əліпбиінің негізін қалаған Ыбырай Алтынсариннің ұлық есімін қайта жаңғыртады деп сенемін.

Нұр-сұлтан қаласы

№83 мектеп-гимназиясы

қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Мусина

Гүлшат Сармырзақызы

 


Пікір жоқ
571 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 15.11.2022 в 15:53

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour