Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

«Жол қауіпсіздігі ережесі»


 

         Ағымдағы жылғы 13 маусымда №83 мектеп-гимназиясының
2021-2022 оқу жылында 1-4 сынып оқушыларымен жазғы «Думан» лагерінде Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Жол қауіпсіздігі ережесі» бойынша іс-шара өткізілді.

         Аталған іс-шарада жазғы «Думан» лагерінің «Айгөлек», «Балапан», «Өнер», «Балауса», «Балдырған», «Ботақан» атты топтарында білім алып жатқан 110 бала қатысты, сондай-ақ мектептегі қазақ және орыс сыныптарын ескере отырып, іс-шара екі тілде (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жүргізілді.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы ішкі істер басқармасының инспекторы полиция капитаны Турганов Ильяс балаларға жолда жүру ережесі мен жол жүру қауіпсіздігін түсіндірді. Оның ішінде, жолда самокат және велосипед айдап жүрген уақытта жолдан өту тәртібін және басқа да қауіпсіздік шараларын түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, алдын ала дайындалған жол қауіпсіздігі ережелері бойынша сақтандыру белгілерін пайдалана отырып, балалардың білуі қажетті ақпаратпен бөлісті.

Лагерь оқушыларын ынталандыру, сондай-ақ жол ережелерін түсінуге қызығушылықтарын арттыру үшін балаларға «Жол қауіпсіздігін меңгергені үшін!» грамота мен олдан жасалған жол жүру күәліктері берілді.

Одан басқа, балаларға және  ата-аналарға кеңес ретінде  пайдалануға тиімді жадынамалар таратылды.

 

  
















 


Пікір жоқ
472 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 13.06.2022 в 17:04

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour