Мектебімізде Ыбырай Алтынсарин музейі ашылды
2021-2022 оқу жылы Нұр-Сұлтан қаласы №83 мектеп-гимназиясының ұжымы үшін мерейлі жыл болды. Себебі қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы тұсында мектебімізге Ыбырай Алтынсариннің аты берілді.
Осыған орай мектеп директоры Теменова Сауле Ермұханқызының бастамасымен 01.04.2022 жылы мектебімізде«Ұлы Дала ұстазы – Ыбырай Алтынсарин»музейі ашылды. Музейге ата-аналар мен ұстаздардың көмегімен Ыбырай дәуірінен сыр шертетін жәдігерлер әкелінді.Мектеп музейінің лентасын КР Ұлттық музейінің ғылыми хатшысыГиззатов Саялбек Махамбетұлы қиды. Музейдің ашылуына көптеген қонақтар шақырылды. Солардың бірі Торғай музейлер кешенінің директоры Сәрсекей Гүлбану Күлетқызы көшпелі көрмесімен келіп, ыстық ықыласын білдірді. Музейде қонақтарға арнап«Ыбырайдың өмір жолы» атты қойылым қойылып, «мектеп әнұранының» және балаларға арналған Ыбырай әңгімелерінен құралған кітапшалардың тұсауы кесілді.
Сонымен қатар 08.04.2022 жылы«балалар жылы» аясында өткен қалалық «Ең үздік мектеп музейі» байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болдық.Бұл,әрине, мектеп ұжымының ауызбіршілігінің, қыруар еңбегінің арқасы...