Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.
Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүрді.
Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады.
Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді. Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады. Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі. Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады.
Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже , қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан, жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қлоайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.
Отағасы міндетті түрде шаңырақты көтереді, отанасы мен абысын-ажындар, сіңілілер уықтарды қадайды, ал кішкентай балалар уықтың көзіне бау өткізеді. Әже-апалар мосы құрып, ошақ қойып, қазан асып, киіз үй жиһаздарын орналастырады. Киіз үй – отбасының берекесі.
Киіз үй жабдықтары
Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп.
Бақан. Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш.
Бас арқан. Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.
Басар. Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.
Басқұр. Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау.
Белбеу. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан.
Белдеу. Туырлықты айналдыра буатын арқан.
Дөдеге. Сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз.
Құр. Киіз үйдің керегелері мен уықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3 елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау.
Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз.
Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз.
Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз.
Отағасы міндетті түрде шаңырақты көтереді, отанасы мен абысын-ажындар, сіңілілер уықтарды қадайды, ал кішкентай балалар уықтың көзіне бау өткізеді. Әже-апалар мосы құрып, ошақ қойып, қазан асып, киіз үй жиһаздарын орналастырады. Киіз үй – отбасының берекесі.
Киіз үй жиһаздары
- Дөңгелек үстел - жерге отырып, тамақ ішуге арналған аласа үстел.
- Сырмақ - киізден жасалып, өрнектелген қазақ төсеніштері. Көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын қолдан жасалған, арнайы тоқу технологиялары бар бұйымдар
- Ұршық - жүннен шүйкелеп жіп иіруге арналған жеңіл аспап; жіп иіретін құрал
- Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал.
- Шапан— қазақтын ежелгі әрі кәделі киімі.
- Сәукеле— ұзатылған қыз киетін, аса бағалы, биік төбелі салтанатты бас киім. Оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылары киген.
- Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап.
- Астау - халқымыздың байырғы уақыттан бастап қолданып келе жатқан ас тұтынатын бұйымы болып табылады. Сонымен астаумен қатар астабақ та кеңінен қолданыста болған.
- Құрақ – төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб және неше түрлі қазақи нақыштағы оюлардан , өрнектерден құралған көрпені Құрақ немесе Құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған.
- Шымылдық – ұлттық бұйым. Ашпалы және тұтас шымылдық деп аталатын түрлері бар. Оның кең таралған ашпалы түрі төсектің алдына тұтылып, түнде ұйықтаған кезде кеңістіктен төсекті бөліп тұратын қызметін атқарады. Мұндай шымылдық жібек, атлас, ақ сұрып, торғын, торқадан тігіледі, сондай-ақ екі бөліктен тұрады.
- Шара— қымыз құюға арналған ыдыс. Кей жерлерде тегене деп те атайды. Қымызды дастарқанға апарғанда сабадан осы шараға құйып апарады. Оның ішіне 10-15 литр қымыз сияды. Шараны емен, қайың сияқты қатты, кепкен ағаштардан ойып жасайды. Оның іші шұңғыл, өзі дөңгелек, жиегі тік болып келеді, шара сыртынан ою-өрнектермен, күміс немесе сүйек әшекейлермен көркем безендіріледі. Өзіне лайық ағаш қақпағы болады, ол да әшекейленіп жасалады.
- Торсық – Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе, қырғыз, қазақ, түрікмен, қарақалпақ халықтары пайдаланған.
- Бесік — нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек.