Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

Қыз қуу


Көшірме суретін салған:    Абшукиров Нурсултан Мухаметалиулы


Қыз қуар (әз. qız qov; қыр. кыз куумай; башқ. ҡыҙ ҡыуыу) — (Кейде қыз қуу деп те аталуы мүмкін) Мерекелерде өткізілетін ат үстіндегі спорттық мәні бар ойындардың бірі. Қыз қуарға бір қыз, бір жігітті көз көрім жерге атпен жібереді. Барғанша жігіт қызбен әзілдесіп барады. Қайтарда Жігіт озуға тырысады, ал қыз жігітті қамшымен шықпыртуға тырысады. Ереже бойынша қыз жетсе, қамшының астына алуға хақылы. Жігіт тек тез қашуды және қамшы тигізбеуді көздейді. Көп жағыдайларда қыз қуып жетсе жігітке қамшы тигізбей, жай басынан қамшы үйіреді. Бұл жігіт үшін намысты жағдай. Егер жігітке ызаланса аямауы мүмкін. Бұл ойынды бір-бірін ұнататындар да, былайғы боз балалар да еркін ойнауы мүмкін. Ол әрі ат үстіндегі мәдени дене тәрбие.

Кейбір кейінгі зерттеушілер бұл ойында қызды жігіт сүйеді дегенді айтады. Бұл ақылға қонымсыз, қыз қуар ойынын көрмегендердің фантазиясы. Олар осы арқылы бұл ойынды қазақ жастарының махаббаттасуы ретінде айтқысы келеді. Бірақ қазақ қоғамында жиналған жұрттың көзінше қызды сүю өте әдепсіз қылық есептеледі, ондай жағдайда намысқа тиіп, рулар арасында тіпті қақтығысға әкелуі мүмкін. Сондықтан тіпті олар алда қосылатын, не қосылған жұптар болса да, бәрібір ат үстінде сүйісу деген әңгіме жоқ. Әрине, өзара әзіл-қалжың болуы мүмкін. Ойындағы ең басты ереже жігіттің атқа мықты шаба алуы, болмағанда қыздардың қамшысы тиіп масқара болуы.

Қыз қуар Қазақстанда, Қырғызстанда ойналатын ұлттық ат ойыны тобына жатады. Мерекеден басқа, бұл ойын бұрын үйлену тойларында өткізілген. Әрине, ежелгі нұсқасы қазір ережеге түсіп, бәлгілі бір тәртіппен өтізілу қолға алынды, бірақ негізгі нәрселер өзгерген жоқ. Ойынның негізгі көздегені жігіттердің намысын шыңдау, ат үстіндегі өнерін, қабілетін арттыру, жақсы ат баптау. Мықты жігіттер жақсы ат баптайды, ат үстінде де өте жақсы отырады, демек ол қыздан таяқ жей қоймайды. Ал, болбыр жігіттер ат үстінде дұрыс отыра алмайды, аты да шабан болуы мүмкін, демек ол қыздың қамшысына қалады.


                                                                                        Абшукиров  Нурсултан  Мухаметалиулы

                              Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№83 мектеп- гимназиясының»ШЖҚ КММ  көркем еңбек пәнінің мұғалімі





Пікір жоқ
471 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 29.03.2022 в 09:16

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour