PISA слайд (нажмите для загрузки)
PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуі– Халықаралық Экономикалық
Ынтымақтастық және ДамуҰйымы(ЭЫДҰ) (OECD – Organisation for Economic Co-operation and Development) жүзеге асыратын бағдарлама. 2000 жылдан бастау алған бұл зерттеуге әлемнің 85елі қатысады. PISA-2022кезеңінің Апробациялық зерттеуі 2021 жылы өткізілді, ал Негізгі зерттеуі 2022 жылы өтеді.
PISA зерттеуі төмендегідей ерекшеліктерге ие:
• Ол білім беру саласындағы ең ауқымды халықаралық зерттеу болып табылады.
• Оған 15-жастағы білім алушылар қатысады.
• Зерттеуде білім алушылардың ересек өміргедайындығыбағаланады.
• Білім алушылардың оқу, математика, жаратылыстану және креативті ойлаусалаларындағы сауаттылығыбағаланады.
• Қатысушы елдердің білім беру тәжірибесі туралы мәнмәтіндік ақпарат жиналады.
PISA зерттеуіне қатысу маңызды, себебі, зерттеу нәтижелері:
• қазақстандық білім алушылардың мектепті бітіргеннен кейіноқуды ары қарай жалғастыруға қаншалықты дайын екендігін анықтауүшін;
• білім беру ұйымдары, білім беру жүйелері және мемлекет тарапынан ұзақ мерзімді даму бағыттарын анықтауүшін;
• әртүрлі елдер арасында білім алушылардың жетістіктерін және білім беруортасын салыстыру үшін қолданылуымүмкін.
PISA зерттеуі туралы толық ақпаратты ЭЫДҰ сайтынан алуға болады: https://www.oecd.org/pisa/.