Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

«Ғасырлар пернесі жырлайды»


  Оқушылардың  ұлттық аспаптар жайлы танымын кеңейту үшін мектебіміздің акт залының жанынан 2017-2018 оқу жылында «Ғасырлар пернесі жырлайды» атты  қазақ музыкалық аспаптардың көрмесі, өнер қайраткерлері туралы стенд ашылды. Осы ұлттық аспаптарды арнайы тапсырыспен Алматы қаласының Жолаушы Турдугулов,Торғай облысының Қайрат Махамбетов және Александр Чаговцев шеберлері жасады.

  Мектебімізде ұлттық аспаптарымыздың 10-нан астам түрі бар. Олар: шертер, шіңкілдек, тұмар, ою-өрнек, прима, кең иықты домбыра,бас домбыра және қыл қобыз. Оқушылардың ұлттық аспаптардың тарихымен таныс болуы үшін, сонымен қатар өнерге деген қызығушылықтарын ояту мақсатында жасалынды. Осы көрмедегі аспаптарды мұғалімдер дүниетану, тарих, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, ән-күй сабағында көрнекілік есебі ретінде пайдаланады. Бұл көрме арқылы оқушылар  қазақ өнері туралы өз білімдерін арттырады.

  

Шертер домбыра                           Шіңкілдек домбыра

  
Ою-өрнек домбыра                               Тұмар домбыра

  

           Прима домбыра                                       Шертер домбыра

 
Кең иықты домбыра                                  Қыл қобыз

Қазақтың атақты әншісі Әміре Қашаубаев Парижде домбыра үнімен Еуропаны таңдай қақтырса, оның ізін белгілі жырау Алмас Алматов жалғап, Парижді таң қалдырған екінші адам атанды.

  

        Әміре Қашаубаев                                    Алмас Алматов

Қазіргі таңда  Димаш Құдайберген секілді өнерпаздар да алыс-жақын елдерге домбыра үнін естіртіп жүр.

 

 

 

 


Пікір жоқ
393 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 28.03.2022 в 12:10

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour