Дене шынықтыру пәні декадасының ашылуы
14.02.2022 күні мектебімізде дене шынықтыру пәні декадасының ашылуы өтті. Дене шынықтыру пәні декадасының ашылуына арнайы алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 20 ғасырдың 90-жылдары “Гиннестің рекордтар кітабына” жеті рет тіркелген Жыланбаев Марат Төлегенұлы келді. Оқушылар дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің дайындаған бейнероликтерін тамашалады. Марат Төлегенұлы оқушыларға спорттың өмірге қаншалықты керек екендігін түсіндіріп өтті. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Пікір жоқ
511 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 14.02.2022 в 18:28