Mектебімізде Нұр-Сұлтан қаласының «Білім берудің жаңғырту орталығынан» келген арнайы мамандардың қатысыуымен әдістемелік күн өтті.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі-сапалы білім кепілі демекші,біздің мектебіміздің ұстаздары да үнемі ізденіс үстінде. Кез келген ұстаз бәсекеге қабілетті,кәсіби шеберлігін шыңдаған,әлеуметтік ортаға тез бейімделгіш,шығармашыл болуы тиіс.Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру жолдарының бірі-аттестация. Осыған байланысты аттестациялау кезінде ұстаздар кәсібін ынталандырып,еңбегін нәтижелендіреді. Сол себептен мектебімізде Нұр-Сұлтан қаласының «Білім берудің жаңғырту орталығынан» келген арнайы мамандардың қатысыуымен әдістемелік күн өтті.Әдістемелік күннің мақсаты:педагогтің біліктілік деңгейін анықтау,кәсіби шеберлігін жетілдіру.Осыған орай мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақ өткізіп,өз тәжірибелерімен бөлісті.
Рашиденова Алма Каримжановна 2 «А» сыныбы
Математика пәні :«Екі таңбалы сандарды қосу алгоритмі»
Сарсенова Назым Ануарбековна 2 «Ә» сыныбы
Қазақ тілі пәні : «Түбір сөз және туынды сөз»
Сағындық Таңшолпан Ерланқызы 1 «Ә» сыныбы