2021 жылдың 24 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында өткізілген «Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған» атты ғылыми жоба байқауы өтті.
2021 жылдың 24 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында өткізілген «Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған» атты ғылыми жоба байқауы өтті.
Байқауды ұйымдастырушысы Нұр-Сұлтан қаласы, №83 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі. Сайыстың өтуіне жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Оразбай Т.Н., Сейткалиева А.О болды.
Сайыстың мақсаты: мектеп оқушыларының ғылымға деген қызығушылығын арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сайыстың міндеттері:
- Ы. Алтынсариннің еңбектерін зерттеуде оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін арттыру;
- оқу-танымдық қабілеттерін лингвистикамен ұштастыру;
- ағартушы еңбегінің өзектілігін бүгінгі өмірмен байланыстыруға, үлгі тұта білуге үйрету.
Байқауға 7-11 сынып оқушыларынан 15 оқушы жұмыс тапсырып, бірінші
іріктеу кезеңінен 7 оқушының жұмысы өтті. Осы байқаудың әділқазысы ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Омарова Мейргүл Беркинбаевна, Байбосын Әли Мұратұлы шақырылды.Жас ғалымдар өздерінің жобасын слайдпен қорғап шықты.
9 «А» сынып оқушысы Сабыр Сымбат І орын
7 «Ж» сынып оқушысы Жүніс Айым ІІ орын
9 «А» сынып оқушысы Әлжанова Ақбота ІІІ орын берілді.