Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

«Жас қаламгер» оқыту мектебі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен «Балалар әдебиеті» жылы аясында іске асырылған «Жас қаламгер» оқыту мектебінде «Өлеңге әркімнің ақ бар таласы немесе ақын болудың құпия сырлары» тақырыбында арнайы дәріс кездесулері өткізілді


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен «Балалар әдебиеті» жылы аясында іске асырылған «Жас қаламгер» оқыту мектебінде «Өлеңге әркімнің ақ бар таласы немесе ақын болудың құпия сырлары» тақырыбында арнайы дәріс кездесулері өткізілді

Мақсаты : Халықаралық тіл мерекесіне орай  тіл апталығы онкүндігі аясында  шығармашыл дарынды жас буынның шығармашылығын шыңдай отырып, өлең жазудың әдіс-тәсілдерін  меңгерту арқылы әдебиетке, кітап оқуға  деген қызығушылығын арттыру.

Кездесуді өткізген зиялы қауым өкілдері

  • Ақын, мемлекеттік сыйлық иесі – Несіпбек Айтұлы
  • Ақын, филология ғылымдарының докторы – Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы
  • Айтыскер ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор – Аманжол Әлтаев
  • Айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты – Серікзат Дүйсенғазин
  • «Қазақстан жастарының конвенті» - ЖҚ директоры Абдурашитов Асылбек Бақытбекұлы
 Ақын Несіпбек Айтұлымен кездесу барысынан




Айтыскер ақын Аманжол Әлтаевтың дәріс оқу барысынан...


 Жаc буын өкілі Арман Шеризатпен сұхбатты кездесу...


           

Сертификат табыстау кезеңі...





Жанат Әскербекқызының әдебиет әлемінен әсерлі әңгімелері барысында...



Жан ақын, ұстаз Біржан Ахмер шәкірттермен ой бөлісу үстінде...


Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, ел болашағы үшін зор үлес қосқан ұлы ағартушы жандар аз болған жоқ. Солардың бүгінгі күнгі өкілдері ретінде аталған зиялы қауым өкілдерінің берген дәрістері  жас буын үшін өте әсерлі болды. Кездесу барысында жас ақындарымыз шығармаларын оқып, жаттап, насихат етті. Нағыз халықшыл жазушы, ақындар өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткерлері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азаматтар ақын, жаңашыл жазушылар, сол жаңаның тынымсыз жаршылары өз ойларымен бөлісіп өлең жазудың құпия сырларымен бөлісіп өте маңызды дүниелермен сусындатты. Мектебіміздің  тарихында, жас шәкірт жүрегінде терең із қалдырды. Қатысқан әрбір оқушы мен ұстаздар қауымын сертификатпен марапаттады. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азаматтар екенін айқын көрсете білді. Оқушыларымыз болса тағатсыз тағы да күтетіндіктерін айтып қимай қоштасты.

Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай, Ұрандап өлеңімен келді былай. Жас ұрпаққа жар салып жанымен де «Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай демекші, өлеңмен келіп өмірдің қағидаларын үйрете кетті асыл жандар!

Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды ана тілін сыйлап құрмет тұтуға, Білім алу, кітап оқу  арқылы еңбекқор болуға, шығармашыл болуға шақыруды мақсат еттік. Сол мақсатқа жоспарлағаннан да жоғары деңгейде жете білдік десек артық айтпағаным болар!


Пікір жоқ
517 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 15.10.2021 в 10:22

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour