Шара барысында «Айдакер» атты қойылымы көрсетілді. Оқушылар қойылымда табиғаттың тазалығы, ауаның ластануы және осы мәселелердің шешу жолдары туралы көрсете білді. Іс-шараға №83 мектеп-гимназиясының оқушылары: Худайберген Нариман, Запорожец Даниил, Сақтаған Гүлсезім, Нұрдәулет Айғаным, Крыкбай Жамиля, Турушева Камила, Искакова Екатерина, Мұхит Құндыз өнер көрсетті.
Қойылымды сахналау үшін Маштаков Сергей Сергеевич пен Хомко Данил мектептегі «Театрум» ұжымымен бірлесе жұмыс жасады. Жоғары деңгейдегі дайындық, ерекше стильдегі костюмдер, оқушылардың ынтасы қойылымның жоғары деңгейде өтіп, көрермен көзайымына айналуына септігін тигізді. Қойылым мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Мукаев Аскар Бактыгалиевичтің «Гринейки» шығармасына негізделгенін атап өткіміз келеді.
Шара соңында қонақтар мен волонтерлер «Жасыл Қазақстан» тақырыбында еліміздің экологиялық мәдениеті, болашағы, экологиялық проблемалар мен оларды шешудің тиімді жолдары туралы еркін сұхбаттасты.
Еріктілер тұрмыстық қатты қалдықтарды дұрыс өңдеу мен сұрыптау туралы түсіндіре отырып, мастер класс ұсынды.
Сонымен қатыр Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары үшін аптасына екі рет «ЭкоШеберхананы» көруге мүмкіндік бар.