Бұл күні елімізде тұратын көптеген ұлт өкілдері қазақ халқына бауырмалдығы мен қонақжайлығы үшін алғыс білдіретін ерекше мереке аталып өтеді. Көктемнің алғашқы мерекесі адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіріп, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруіне мүмкіндік береді.
Біздің №83 мектеп-гимназиясы да бұл мерекеден қалыс қалмады. Алғыс айту күніне орай «Жүректен жүрекке» атты мейірімділік акциясы өткізілді. Сынып жетекшілер оқушылармен сынып сағаттар барысында өз ризашылықтарын білдіргісі келетін әр адамға арнап ашық хаттар дайындап, дәлізді безендірді. Осы іс-шарада 2 «А», 4 «Д», 2 «Е», 3 «С», 2 «М», 1 «Л», 2 «Д», 1 «А», 4 «Ә», 1 «А», 1 «Ә», 4 «З», 1 «В»,3 «Г», 3 «В», 1 «Г», 4 «В», 2 «Е», 2 «А», 2 «Г», 2 «Н», 4 «И», 2 «И», 1 «Л», 2 «Ә»,2 «В», 2 «Б», 2 «И», сыныптары ерекше белсенділік танытты.
Оқушылар Отанына, туған елі мен жеріне, ұстаздарына, ата-аналарына, бауырларына өз алғыстарын, жылы лебіздерін ашық хаттар арқылы жеткізуге тырысты.