Байқаудың мақсаты пән мұғалімдерінің шығармашылық белсенділіктерін арттыру, мұғалімдердің қашықтан сабақ беру кәсіби деңгейінің өсуі мен әдістемелік шеберліктерін қалыптастыру, білім беру мазмұнын жаңартуда білім сапасын арттыру және білім беру процесінде ғылыми-әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету, пән мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелерін анықтау және насихаттау.
Байқаудың негізгі міндеттері:
-заманауи озық технологиялармен жұмыс жасайтын мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін тарату;
-білім берудің заманауи жаңа технологияларын оқу процесіне енгізу;
-мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру;
-шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерге қолдау көрсету;
-педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтау.
Мектептен он мұғалім қатысыты. Қорытындысы:
І орын – Ж.Батыр, физика пәні мұғалімі;
ІІІ орын – Р.А.Кимбилова, А.Б.Тұрғанбек, биология пәні мұғалімдері;
ІІІ орын – Мұратова А.А., ағылшын тілі пәні мұғалімі, жас маман;
Нұр-Сұлтан қаласы Білім жаңғырту орталығы Алғыс хат – А.С.Әбілтаева, ағылшын тілі пәні мұғалімі, жас маман, М.Халийхан, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Ұстаздардың еңбегіне шабыт пен табыс тілейміз!