Нұр-Сұлтан қаласының №83 мектеп-гимназиясы қоғамдық өмірге белсене араласады. Соның ішінде, қоршаған орта туралы іс-шараларды назардан тыс қалдырмаймыз. Осының бір дәлелі, биыл мектебіміз "Қазақстандағы экологиялық білім берудегі үздік ұйым" атауын иеленді. Сонымен қатар, мектебімізде 6 қазан 2020 жылы "Гринэйки" ертегісі сахналанды.
Ертегінің авторы - мектебіміздің бастауыш мұғалімі Мукаев Аскар Бактыгалиевич. Автор бұл ертегіде кейіпкерлер арқылы ғаламдық жылыну, озон саңылаулары қоршаған ортаның ластануы сынды әлемдік мәселелерді көрсеткен.
Көріністі сахналаған «Театрум» актерлік шеберлік студиясының жетекшісі — Оспанова Алмагүл Муталлаповна. «Гринэйки» қойылымын көрермендер онлайн-форматта тамашалады. Мектебіміздің экологиялық бағытына ерекше қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар бергені үшін «Менің өмірімнің экомектебі» жобасының модераторы Татьяна Николавна Немцанға ерекше алғысымызды білдіреміз.