Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

«Қылқалам» ақындар клубының жас ақындары өздерінің қара сөзден өрген өлең шумақтарын ұсынды

Осы орайда Халықаралық тілдер мерекесі апталығы барысында қазақ тілі мен әдебиет пәні ұстаздары Сәуле Бөкейхан және Ғылым Сергүлдің ұйымдастыруымен мектебіміздегі «Қылқалам» ақындар клубының мүшелері  жас ақындар өздерінің қара сөзден өрген өлең шумақтарын назарға ұсынды.


Көреген  көз қазағым жазушыны мінбе құрып, сол мінбеге шығарып: “Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!” – десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше болмақ: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасап келе жатқан асыл мұра болып мәңгі қалады деген еді  Мұхтар Әуезов .

 Айтса айтқандай,  Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы - асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұрады.

Көркем әдебиет тілі. Әрі шешен, әрі көркем сөйлей алатын халықтың тілі. Будандаспаған, сыртқы әсерден таза тіл. Сол таза тілде  өлең жазып ой тербемеген қазақ баласы кем де кем болар.

Осы орайда Халықаралық тілдер мерекесі апталығы барысында қазақ тілі мен әдебиет пәні ұстаздары Сәуле Бөкейхан және Ғылым Сергүлдің ұйымдастыруымен мектебіміздегі «Қылқалам» ақындар клубының мүшелері  жас ақындар өздерінің қара сөзден өрген өлең шумақтарын назарға ұсынды.

Қазақтың қара сөзінде көп мән жатыр. Күн шалмайтын қараңғы көңілді сөз шалады. Ендеше, соншалық қуатты да, киелі қаруды қалай болса солай қолдануға болмайтын сөз киесін түсіне білген ақындар Қыдырбай Қаракөз, Тимурұлы Даниял, Уктемкулова Аяулым, Даниярова Гүлнар, Төлеген Анеля, Жүніс Гүлсезім, Хайриддин Аяулым, Құрманбек Ділнұр, сондай ақ осы клубтың түлегі Теміртаудан қатысқан Байбосын Оразәлі сынды орақты сөз иелері төл туындыларын табиғат аясында тарту етіп, зор қуанышқа бөледі.


Пікір жоқ
373 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 15.09.2020 в 12:55

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour