Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

№83 мектеп-гимназиясында 18 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиет бірлестігінің ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты онлайн іс-шара өтті.


Іс шарамызға мектеп әкімшілігі, 9-10 сынып оқушылары қатыстырылды.  Жиында сөз алған директордың ғылыми әдістемелік жөніндегі орынбасары Қ.Б.Ботабекова тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екндігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады. Бұл  іс-шараға Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы  Ж.А. Жақыпов, филология ғылымдарының phD докторы түркітанушы ғалым Қ.К.Кенжалин шақырылды. Аталмыш  қонақтар қазақ тілінің тарихы, А.Байтұрсынұлының мұраларының зерттелуі жайында сүбелі ой айтты. Жас ақын, Қазақстанның үздік магистранты төсбелгісінің иегері Д.С. Жалелов өз шығармашылығынан өлең оқып, тіл төңірегінде өз пікірін білдірді. 

Мектеп оқушылары өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып,  ақын оқушыларымыз өз шығармашылығынан өлеңдер оқыды.
         Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!


Пікір жоқ
388 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 18.09.2020 в 12:00

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour