Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

Қазақ тілі апталығы: «Тіл мәртебесі – мәртебелі тіл»

    №83 мектеп-гимназиясында 14  қыркүйек Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған "Тіл мәртебесі – мәртебелә тіл" атты  қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мүшелерінің ұйымдастыруымен  онлайн форматта тіл апталығының ашылуы өткізілді. Іс - шараға мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдері мен  оқушыларымыз қатысты.


Апталықтың мақсаты: қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі екендігін түсіндіре отырып, қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қашанда биік ұстауға үйрету болды.

 Апталығымыздың басында мектеп директоры Теменова Сәуле Ермуханқызы тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тіл ретінде өрістеп дамуына үлес қосу- жастарымыздың жауапкершілігінде болатын міндет екендігін алға тартып, тіл  мерекесімен құттықтады.  Іс-шараны жүргізу Байбосын Әли Мұратұлының тізгінінде болып,  әрі қарай Омарова Мейіргүл Беркінбайқызының тіліміздің биік мәртебесін айқындайтын  "Тіл туралы" Заңның таныстырылымымен жалғасын тапты. Сонымен бірге, қазақ тіл білімінің атасы, қазақ тілі туының тұғыры саналатын Ахмет Байтұрсынұлының  қалдырған тіл туралы мұрасы жөнінде жас пән мұғалімі Макимова Ажар Айбекқызының баяндамасы оқылды.

   Іс-шарамызды мектеп оқушылары Қоянбек Абдуррахман К.Салықовтың "Тіліңді қорға,қазағым!", Дүйсенбай Жамила М.Мақатаевтың "Үш бақытым", Асхар Қарақат С.Иманасовтың "Тіл"  атты  өлеңдерін оқып, көркін кіргізді.Іс-шараны жас маман Тұрысханқызы  Ақбота "Жаса,қазағым!" әнімен әрледі. Сөз соңында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Оразбай Тұрғанай  Нұрқасымқызы  тіл  апталығының алдағы күндерде өткізілетін іс-шараларының жоспарымен таныстырып, өзінің жылы лебізін білдірді.


Пікір жоқ
359 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 14.09.2020 в 10:00

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour