Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау, сондай-ақ, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру қызметі EGOV.kz электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылған. Ата-аналар порталда «Білім беру» бөлімінде «Орта білім беру» бөлімін таңдау арқылы кіріп, өтініш береді және қажетті құжаттарды тіркейді. Құжаттар тапсыру мерзімі – 15 минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды.
Ата-ананың «жеке кабинетіне» баланың қабылданғаны не болмаса себебі көрсетілген қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама келеді.
Бұл үшін ата-ана тек қана 4 құжат тапсыруы қажет:
✔баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
✔"Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 форма;
✔063/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✔3x4 көлеміндегі фото - екі дана.
Сіздердің назарларыңызға тағы бір рет ескертетін жайт: мектептің қабылдау комиссиясы оқуға өтініш берген кезде басқа қосымша құжаттарды талап етпеуі тиіс.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін порталға қосымша педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы электронды түрде (скан.нұсқасы, фото) заңды өкілдердің келісімімен ұсынылады.
Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 1 маусымынан басталады. Жаңа оқу жылына дайындық мақсатында 17 тамыздан бастап мектептерде ата-аналардың өтініші бойынша ақысыз негізде жазғы мектеп жұмысын өткізу жоспарлануда.
Кез-келген өзгерістер туралы ақпарат ресми сайтта және әлеуметтік желілерде хабарланайтын боламыз.
Руководство пользователя «Зачисление в 1 класс» Для подачи заявления на зачисление ребенка 1 класс, родителю требуется зайти на портал: http://school.nursultan.e-orda.kz ,
затем на главной странице сайта нажать «Зачисление в 1 класс»