Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

Lesson Study – тәжірибеде оқыту мен оқуды жетілдірудің тәсілі.

Lesson Study   - мұғалімдер тәжірибесі  саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл Lesson Study - тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы. 
Lesson Study - 
зерттеу жобасының тақырыбын "Жұптық, топтық жұмыс барысында сыни тұрғысынан ойлау мақсатында жаңа технологияларды қолдана отырып әртүрлі деңгейдегі оқушыларды қалыптастыру үшін қолдану" -деп таңдадық

 


Lesson Study   - мұғалімдер тәжірибесі  саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл Lesson Study - тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы.   Lesson study -  мектептегі оқытуды жетілдірудің жапондық тәсілі. Әдістеме бізге Жапониядан келді АҚШ-қа бұл әдістемені « дзюгёкенкью » деген жапон сөзін « Lesson Study » деп аударған Макото Йошида әкелді.

Lesson study – сабақты жоспарлауды, сабақ жоспарын талқылауды, сабақты бақылауды, өтілген сабақтан кейінгі талқылауды қамтитын сабақтың сапасын жақсарту үдерісі.

« Lesson study » қазақ тіліне аударғанда  зерттеу сабағы   деген мағына береді .

Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады.

Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі .

Әр топ жетекшісіне алғашқы күннен –ақ өз топ мүшелерімен тізбектелген сабақ топтамаларын жүргізер алдында сыныптан алынатын сауалнамалар негізінде зерттеу тақырыбын анықтап алу, сыныпты толық зерттеуге алу психологпен бірлескен жұмыстар атқару, сауалнамалар нәтижесін шығару, табыс критерийлерін белгілеу, әр атқарылған жұмыс бойынша зерттеу мәліметтерін жинақтау керек екендіктерін айтып өттік.

Мектеп базасындағы іс-әркеттегі зерттеу адамдардың әрекет қылықтарымен оқытушылардың тап болған әлеуметтік жағдайларын зерттеумен байланысты. Іс-әркеттегі зерттеу мұғалімдерге жүйелі түрде тәжірибе туралы ойланудың күшін көрсете алады. Оқытушылар үшін іс-әркеттегі зерттеу практикалық тәжірибені пайдалана отырып, одан әрі өсу және оқуды жалғастыру тәсілі болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алғашқы зерттеу сабақтары өқткізілді.
        

6 «ә» сыныбында математика пәнінен Нурадинова С.Н «Коэффициент . Ұқсас қосылғыштарды біріктіруге есептер шығару» тізбектелген сабақтар топтамасында Сейтқалиева А.О қазақ тілінен сабақтар өткізді.

Сыни тұрғысынан ойлауға проблемалық сұрақтарды қарастыру мақсатымен сұрақтарды тереңдетіп қоюға, дұрыс қолдануға үйрету, түсіндіріп беру; нәтижелерін бағалау үшін білімдерді қолдану, олардың ақиқаттығын анықтау; дәлелдеу, оларға баға беру " мақсаттарын негізге ала отырып Лессон Стади зерттеу жобасының тақырыбын "Жұптық, топтық жұмыс барысында сыни тұрғысынан ойлау мақсатында жаңа технологияларды қолдана отырып әртүрлі деңгейдегі оқушыларды қалыптастыру үшін қолдану" -деп таңдадық. 6 «б» сыныбында биологиядан Ерманалиева У.Е « Ерітінді ортасының түрлері», 6 б сыныбында биология пәніне н Тұрғанбек Ақкерке тақырыбындағы сабағында оқушылардың жұптық, топтық жұмыстар жасау барысында күтілетін нәтижеге жеткенін бақылауға болады. Өткізілген сабақтар барысында оқушылардың бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс жасап мұғалімдердің әр сабаққа әр түрлі әдіс тәсілдер қолдану арқылы, пәнге ,білімге құштарлығын арттыра білді.

Lesson Study тобы өзара келісе отырып, оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайды, үдеріс барысында барлық мүшелер бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болады .

         

Сабақ өткізу барысында пән мұғалімдері оқушылардың мүмкіндіктерін ашатындай тапсырмалар беру арқылы, алдыңғы сабақтағы ескертулері қолдана отырып келесі сабақты жоспарлау да басшылыққа алып отырды.

Кутілетін мақсатқа жету үшін мұғалімдер мен ата-аналар біріге отырып жұмыс жүргізеді. Жыл соңында күтілген нәтижеге қол жеткізе аламыз деп сенемін.



 


Пікір жоқ
1592 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 15.02.2020 в 16:33

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour