Бүгін «Инклюзивті білім беру мен иклюзивті тәжірибені дамыту жолдары» тақырыбында мектебімізде 7-8 қараша республикалық семинар өткізілді.
Біздің мектеп ашылғаннан бері ерекше оқу қажеттілікті талап ететін оқушылармен жұмыс жасап, дамытып келеміз. Мектептің барлық оқушыларын бөліп жармай 21 ғасырдың азаматы етіп тәрбиелеудеміз! Соның арқасында мектебімізде осындай семинар өткізу мәртебесі бұйырды. Бүгінгі күні инклюзивті білім беруде жоғары нәтижесін еліміздің түкпір - түкпірінен келген мектеп ұжымдарына өз тәжірибесін көрсетті!
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Танатовна және Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің арнайы және инклюзивті білім беру басқармасының басшысы Кудеринова Айгерім Мерекеевнаға алғыс айта отырып семинардың өту барсында 7-қараша күні мектебімізде экскурся жүргізіп, « Инклюзивті білім беру мен инклюзивті тәжірибені дамыту жолдары» тақырыбында пленарлық отырысы яғни мемлекеттік мекемелер өкілдері, әдіскерлер, орта мектеп директорлары өз пікірлерімен бөлісіп ізгі ұсыныстарын айтты. Жан жаөқтан келген қонақтарды Думан ойын- сауық орталығында №83 инклюзивті театры «Питер Пен» қойылымын тамашалуға шакырды!
8 қараша күні ТБК –ның жұмыс білім алуда қиындық тудыратын балалар үшін жағдай жасау(дислексия, дисграфия, дискалькулия )
-ЕОҚ бар оқушылардың ғылыми –практикалық жұмысы Шебер-сынып қол өнер мен, Бочча ойынын көрсетіп қонақтарды таң қалдырды. Жалпы айтқанда семинар өте керемет асер қалдырып өз мақсатына жетті.