Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығымен Меморандумға қол қойылды
Білім ордамызда Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығымен бірлесе отырып, мектеп көшбасшыларымен «Self – made» жастар форумы өтті. Аталмыш шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер Ассоциациясының төрағасы Думан Қыдырбаев, «Asyl Adam» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Көңілбай Шүкенов, «Utari» компания тобының даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Әсел Жүргенова, кино және теледидарды қолдау қорының директоры Эльмира Сарсеналиева, оқу-дамыту орталығының директоры және негізін қалаушы Дилара Кусаинова және біздің оқушылар - Тоғжан Нұрланова мен Томирис Болатбек қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу соңында екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.