Астана қаласы №83 мектеп-гимназиясында 2018 жылы 8 қыркүйек күні «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты республикалық конференция өткізілді. Конференцияның негізгі міндеті бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек көрсету.

Конференциямыздың басты қонағы Астана қаласы Білім басқармасының өкілі – Исинова Гульшат Шайзадиновна қатысты.
Конференция бағдарламасында төмендегі тақырыптар қозғалды :
- Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.
- Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.
- Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу. Мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу шарасы ретінде. Баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
- Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
- Балаға мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары: үш «Б» заңы: Бейімдеу, Бедел, Белсенділік.
- Нейро-психофизиологтардың болашақ бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата-аналарына арналған ұсынымдары.
- Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру.
- Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі ретінде.
Конференцияға бірінші сыныбымыздың барлық ата-аналары толықтай қатысып, белсенділік танытты. Өздерін мазалайтын маңызды мәселелердің шешіміне жол тауып, ризашылықтарын білдірді.