2018 жылы 9 сәуірде №83 мектеп-гимназиясында жоспарға сәйкес 5-11 сынып оқушыларына «Сенің қауіпсіздігің - сенің қолыңда» атты тәрбиелік оқыту сабағы өткізілді.
2018 жылы 9 сәуірде №83 мектеп-гимназиясында жоспарға сәйкес 5-11 сынып оқушыларына «Сенің қауіпсіздігің - сенің қолыңда» атты тәрбиелік оқыту сабағы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға экстремизм, терроризм терминдерінің мәнін ашу, тобыр түрлері мен қауптілігін түсіндіру, жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Іс-шараға жауапты мектеп психологы Абылкасымова Н.У. мен шет тілі пәні мұғалімі Турганова Г.С. жүргізді. Оқушылар іс-шараға белсене қатысып, жеке бас қауіпсіздіктері туралы білімдерін толықтырды.