Меню KDT

logo.png?_=1524731137
"Школа гимназия №83"
города Нур-Султан


+7 7172 49-07-40

Статичная страница











 

















 

























 





 






















































































 

















 












 

Бекітемін

№83мг директоры

С.Е. Теменова

 

2017-2018 оқу жылына бастауыш, азқамтылған отбасындағы және жетім оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуын қадағалайтын комиссия мүшелері

 

Комиссия төрағасы:

  1. С.Е.Теменова – мектеп директоры
  2. Т.С.Сейдахметова – ДТІЖО
  3. А.Ж.Тақсамбай – әлеуметтік педагог
  4. Г.Бимагзумова – медбике
  5. Г.Атембекова – ата-ана
  6. О.С.Попова – ата-ана
  7. А.Оразбай – ата-ана
  8. Ж.Жакупбекова – ата-ана
  9. А.Уразбекова – ата-ана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Т.С. Сейдахметова

Бекітемін

№83мг директоры

С.Е. Теменова

 

2017-2018 оқу жылына бастауыш, азқамтылған отбасындағы және жетім оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуын қадағалайтын комиссия мүшелерінің жұмыс кестесі

 

 

Ф.И.О

Уақыты

Кезекшілік күні

1

Г.Атембекова

08.00

Дүйсенбі

2

О.С.Попова

08.00

Сейсенбі

3

А.Оразбай

08.00

Сәрсенбі

4

Ж.Жакупбекова

08.00

Бейсенбі

5

А.Уразбекова

08.00

Жұма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Т.С. Сейдахметова



 

№83 мектеп-гимназиясындағы оқушыларының тамақтану есебі.

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әр түрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.

Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 8.00-18.00-ге дейін жұмыс жасайды. Мектеп асханасын 2015 жылдың 11 қаңтар айынан бастап бас аспаз - Абилкаирова Балзия Темирбековна қызмет атқаруда.

 

  • 1-4 сыныптар арасында 1200 бала ыстық тамақпен тамақтанады. Олардың ішінде 48 азқамтылған отбасының балалары, 106-ы көпбалалы отбасының балалары, мүмкіндігі шектеулі - 45 бала.
  • 26 оқушы (5-11 сынып) азқамтылған отбасынан шыққан оқушылар тегін тамақтанады.

Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі тарапынан бақылауға алынған. Сонымен қатар, тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына екі рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады. Айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекцияланып отыру көзделіп, іске асуда. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отырылады. Ыстық тамақтың бағасы 282,84 теңгені құрайды. Салат түрлері үнемі өзгертіліп, ауыстырылып отырылады. Салатқа жемістер мен көкөністер сапалы түрде беріледі. Буфеттік тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады.

Мектеп оқушыларын сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Оқушыларға мектеп асханасынан қайнатылған сумен тұтынылады. Мектептің әр қабатында су фонтаны орналасытырлған.

Дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. Сондықтан да дұрыс тамақтану - әр адамның өз қолында демекпіз.

 

 

Дұрыс тамақтану ережелері:

  • тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.
  • тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.
  • тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.
  • таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресіз.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

 

  1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
  2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
  3. Тамақ нәрлілігінің адамның жасына, мамандығына, денсаулық күйіне, табиғи-климаттық жағдайларына сәйкестігі.
  4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
  5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.

 

 

 


 

2017-2018 оқу жылына

бастауыш сынып оқушылары мен

азқамтылған отбасындағы, жетім,

патронаттық тіркеуде тұрған оқушылар мен

мүмкіндігі шектеулі оқушылардың

тегін тамақтандырылуын

ұйымдастыру туралы

 

 

  1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағының 11-тармақшасына, 45-бабының 3-тармағына 4-тармақшасына, 48-бабына сәйкес, бастауыш сынып оқушыларының білім алуын және оған жағдай жасау мен бөлінген бюджет қаражаттың мақсаты түрде жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
  1. Бастауыш сынып оқушыларының білім алуын қамтамасыз ете отырып, асханада әкімшілік кезекшілігі ұйымдастырылсын, бастауыш сынып оқушыларының тамақтануына жауапты ОІЖО Ж.Ж. Мухамадиеваға жүктелсін;
  2. 5-11 сыныпта оқитын азқамтылған отбасындағы оқушылар, патронаттық тәрбиесіндегі, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі оқушылардың тамақтануын әлеуметтік педагог Т.С. Сейдахметоваға жүктелсін.
  3. Оқушылардың тамақтану кестесі бекітілсін, асхана мен буфеттерде бастауыш сынып оқушыларын кезекшілікке тартуға тыйым салынсын;
  4. Санитарлық ережелер мен нормаларға, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне және әдістемелік ұсыныстарына сай №83 мектеп-гимназиясының тамақтануды ұйымдастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қадағалау мектеп медбикесі Г.Бимагзумоваға жүктелсін;
  5. Бастауыш сынып, патронат тәрбиесіндегі, жетім, ата-анасының қамқорлығынан айырылған оқушылар мен азқамтылған, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың тамақтандыруына бөлінген жергілікті бюджет қаражатының мақсаты түрде, уақытылы жұмсалуын бақылауды мектептің бас есепшісі С.З.Капановаға жүктелсін;
  1. Осы бұйрықтың орындалуын өзіме қалдырамын.

 

 

Мектеп директоры: С.Е.Теменова

 






 

АКТ

Асханадағы тамақ құрамының санитарлық гигиеналық жағдайын тексеру жөнінде

Астана қаласы 12.12.2017 ж.

Біз, комиссия кұрамы, әлеуметтік педагог Т.С. Сейдахметова, мектеп медбикесі, бастауыш сыныптары бойынша меңгеруші Ж.Ж. Мухамадиева мен педагог ұйымдастырушы А.Ж. Тақсамбай, бракераж комиссия мүшелерінің қатысуымен жоспар бойынша мектеп асханасының тазалығы мен тамақ сапасын тексердік.

 

Тексеру барысында анықталған жағдайлар: Асханада кезекшілікті кезекші мұғалімдер атқарады. Әкімшілік кезекші осы кезекшілерге бақылау жасайды. Асхана қызметкерлері үстел жасап, тамақтарын жасап қояды. Ас мәзірі комплесті ас, еркін тандау, жеңіл тағам, сусындар, дайын тәтті тағамдардан құралған. Шырын, минералды сулар, шырын қосылған сусындардың сақталу мерзімдері сақталған.

 

Тексеру барысында дайындалған тағамдардың сапалығы мен мөлшері тексерілді. Сапасы өте жақсы.

Асхана ыдыстары қолданылғаннан кейін, жұмыс барысында гидрохлорид кальцийдің 5 пайызды ертіндісімен залалсыздандырылады. Барлығы өз ыдысында жуылады. Асхана таза. Ескертулер жоқ.

 

Ескерту: 1. Тағамдардың сапасы мен мөлшері бас аспаздың күнделікті бақылауында болсын.

 

Әлеуметтік педагогтар:

 

ТІЖО Сейдахметова Т.

ОТІЖО Кунакбаева Т.С.

Медбике

Бракераж мүшелері: Сатымбекова Ж.Ш.

 

 

 

Мектеп директоры Теменова С.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

Послание Президента

Дача взятки-Это преступление

Социальный видеоролик

Виртуальная приемная директора

Теменова Сауле Ермухановна

ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ

 ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ Г.Нұр-Сұлтан

Choose Colour