Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.png?_=1524731137
Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Школа-гимназия № 83 имени Ибрая Алтынсарина» акимата города Астана


+7 7172 49-07-40

« Отбасы – бақыт мекені »

Бала – ата-ана өмірінің жалғасы.   Осы мақсатта № 83 мектеп-гимназиясында ата-аналарға арналған « Отбасы-бақыт мекені» атты тәрбие сағаты отбасында бақытқа жетелейтін құндылықтардың түсінгін ашуға, бағалауға бағыт-бағдар түсігінің құндылығын ашуға көмек көрсету.


Отбасы-бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып табылады. Сондықтан,ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.  Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен  қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде  отбасы алғашқы қадам.


Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.  Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.


қай жағынан қарасақта отбасы құндылығы ата - ана мен бала арасындағы қарым-қатынас осы орайда ата аналар мен балалар арасында коучинг өткізіліп әрбір бала алдындағы жауапкершілікке  баулиды. ақылдаса шешкен жауап және олардың бір ауыздан шыққан тұжырымы тәрбие барысын ұштастырғандай болды. Ата - аналар аман, жұртымыз тыныш болғай!  


Комментариев нет
610 просмотров
Автор: 83mektep
Добавлено: 12.02.2020 в 09:48

Послание Президента

Час добропорядочности

Жарменова Гульмира Сергазиевна

ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ

 ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ Г.Нұр-Сұлтан

Choose Colour