Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.png?_=1524731137
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

Әкім Ысқақтың «Күн ұлымын» және «Біздің Бапақ» кітаптарының тұсаукесері өтті


https://www.instagram.com/p/C0o3KJpMEH1/

07.12.2023 күні Астана қаласы әкімдігінің Ы. Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында белгілі қоғам қайраткері, ақын, жазушы, композитор Әкім Ысқақтың «Күн ұлымын» және «Біздің Бапақ» кітаптарының тұсаукесері өтті. Аталған шығармалар жинағы «Әл-Наир» баспасының шығаруымен оқырмандарына жол тартты.

Балаларға арналған туындылардың тұсаукесеріне халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Үздік балалар жазушысы» атанған ҚР Мәдениет қайраткері Толымбек Әбдірайым, «Әл-Наир» баспасының директоры Әйгерім Сансызбаева, Астана қаласының білім басқармасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Жанар Сейдахметқызы, қала мектептері кітапханаларының меңгерушілері, Астана қаласы әкімдігінің №83 және №38 мектептерінің педагогикалық ұжымы мен оқушылар қатысты. Шараны Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Алтынсарин медалінің иегері, продюсер Алтын Маханбетова жүргізді.
Кездесу барысында қонақтар мен оқушыларға Әкім Ысқақтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, өлеңдері оқылып, авторлық әндері шырқалды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, автормен пікір алмасты. Оқырмандарына бұрын жол тартқан Әкім Ысқақтың шығармаларына мұғалімдер мен оқушылар пікір айтып, құрметті қонаққа алғыстарын білдірді.
Шараны ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар арнайы марапаттармен марапатталды.


Пікір жоқ
75 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 08.12.2023 в 16:26

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour