Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.png?_=1524731137
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА ДАЙЫНБЫЗ

Биылғы  жылы  әлем  елдеріндегі   вирустың таралуына  байланысты  ДДСҰ коронавирустың өршуін төтенше жағдай деп танылып,  №83 мектеп –гимназиясы 6 сәуірде   ІҮ  тоқсанды онлайн сабақ бастадық.


Бұл вирусқа ең алдымен адам өмірінің қауіпсіздігін қорғау мақсатында түрлі іс-шаралар, алдын –алу сақтану жұмыстары жасалынды . Осы мақсатты басшлыққа ала отырып, 1-4 қазақ сыныптары ІҮ тоқсанды қашықтықтан білім алуға көшірілді. Қазіргі кездегі техниканың қарқынды дамуын еске алсақ, барлық оқу процестері тек электронды байланыс жүйесі арқылы қол жетімді байланыстармен іске көшпек. Осыған орай оқушы мен мұғалім арасындағы білім жүйесіне байланысты BILIMlend платформасы, телеграмм, KUNDELIK KZ сайдты,арнайы телефон байланысы арқылы барлық оқу бағдарламасын өткізіп жатырмыз. Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен ұстаздарға қосымша теледидарлық ресурс «БАЛАПАН» бағдарламасы арқылы оқушылардың 100% қатысуын мақсат ететін түрлі- түсті қойылымдар уақыты мен жоспарланған. Бүгінгі күні барлық қиыншылықты артқа тастап, алға жылжудамыз. Оқу бағдарламасы толық өтіліп жатыр. Оқушы өзін-өзі ақпараттық дамытуда көптеген ізденіс жұмыстарын жасаса, ата-аналар бала тәрбиесіндегі ең үлкен жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр Пәндерді оқыту әдістемесі интернет жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі екені анық. Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді , танымдық қызметін арттырады,білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады.Оқушылардың мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс – әрекетін қалыптастыратын әрине, мұғалім екені даусыз. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқытуды мақсат етіп қойдық. Бұл да қазіргі электронды қашықтан оқыту жүйесіндегі үлкен қадам.
. Әйтсе де мектептегі білімнің орыны ерекше екенің білеміз, бірақта ең алдыда адам өмірі мен денсаулығы тұр.
Сондықтан қиыншылықты жеңіп, алтын ұя мектебіміздің сыңғырлаған қоңырау үні мен қасиетті тақта мен партаға , ұлағатты ұстаздарымызбен аман саулықта қауышуға жазсын.


Пікір жоқ
425 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 06.04.2020 в 10:44

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour