Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.png?_=1524731137
Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Школа-гимназия № 83 имени Ибрая Алтынсарина» акимата города Астана


+7 7172 49-07-40

Абайдың 175 жылдығына арналған тәрбие сағаты.

Нұр –Сұлтан қаласындағы №83 мектептің 4 « Б» сыныбында  Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» тақырыбында  тәрбие сағаты өтті.


Сынып іші тақырыпқа сай безендірілген. Мұғалім оқушылардың Абай туралы білгендерімен бөлісіп, тақырыпты ашу мақсатында кластер ұйымдастырды. Тәрбие сағатында оқушылар Абайдың балалық шағынан көрініс көрсетті.  Абайдың жазған өлеңдерінен  қысқаша қойылым қойылды. Абайдың досы Ерболмен бірге ауылдарды аралап, жазған әндерін шырқағандарын және жастарға соны үлгі ретінде насихаттағандарын шағын қойылым ретінде көрсете білді. Абайдың 4- ші, 6-шы, 25- ші, 37- ші ,28- ші қара сөздері жатқа айтылды. Осы қара сөздердегі тәрбиелік мән-мағыналарды оқушылар өз бойларына сіңіруге тырысты. Оқушылар ұлы ақын туралы білгендерімен өз араларында ой бөлісті. Олар Абайдың драматург, ақын, композитор, ағартушы, ұлы адам екендігін біліп, таныды.  Тәрбие сағатының соңында оқушылар Абайдың қазақ көркем әдебиетінде ойып тұрып орын алған дара тұлға екеніне тағы да көз жеткізді. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай әрбір оқушы Абайдың даналығы мен даралығына қызығып, өздерін болшақта ұлы адам болатындығына сенім білдірді.


Комментариев нет
1109 просмотров
Автор: 83mektep
Добавлено: 10.02.2020 в 16:48

Послание Президента

Час добропорядочности

Жарменова Гульмира Сергазиевна

ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ

 ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ Г.Нұр-Сұлтан

Choose Colour