Меню KDT

logo.png?_=1524731137
Школа Гимназия №83"
города Нур-Султан


+7 7172 49-07-40

«Хан шатыр» ойын-сауық орталығында экология, геология және табиғи реесурстар министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласның әкімдігі, Оператор РОП ЖШС қолдауымен «Сарыға таста» қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинау экологиялық мәдениетін дамытуға арналған акциясы өтті.

2020 жылдың 15 ақпан күні сағат 15 пен 17-00 аралығында «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында экология, геология және табиғи реесурстар министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласның әкімдігі, Оператор РОП ЖШС қолдауымен  «Сарыға таста» қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинау экологиялық мәдениетін дамытуға арналған акциясы өтті. Акция қонақтары Швеция елшісі, Финляндия вице-елшісі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері, Оператор РОП, мектеп директорлары және оқушылары.


Бұл іс-шарада мектебіміз «Эко-Шырша»  сайысында жүлделі І-орын иеленгені үшін мектеп директоры білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, мектебімізге  жер асты суару құрылғысы сыйға тартылды. «Эко шырша»  байқауында мектебімізді безендіруде  өз  үлесін қосып, белсене жұмыс жасай білген Эко-еріктілеріміз қорытынды концертте флеш-моб биімен бастады. 30 Эко-еріктілерімізге  «Ханшатыр» орталығындағы «Fame city» ойын-сауық кешеніне сертификат берілді. Акция барысында эко-еріктілеріміз қонақтардан интервью алып,  эко-сумкалар мен эко-сувенирлер жасаудың шебер-сыныптарында қатысты. Сонымен қатар, квест зонасында ҚТҚ сұрыптау, жинауды көрсетіп, эковикториналар ойнады. Эко-еріктілеріміз сол күннен үлкен әсер алып қуанышпен қайтты.


Комментариев нет
205 просмотров
Автор: 83mektep
Добавлено: 15.02.2020 в 15:50

Послание президента

Дача взятки-Это преступление

Теменова Сауле Ермухановна

ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ

 ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ Г.Нұр-Сұлтан

Choose Colour