Меню KDT

logo.png?_=1524731137
Школа Гимназия №83"
города Нур-Султан


+7 7172 49-07-40

«Бақытты балалық шақ»


Ерекше оқытуды қажет ететін балалар мейрамы қарсаңында мектепте «Бақытты балалық шақ» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Оқушылар «шебер қол» алаңында арнайы дайындалған мүсіндерді бояу арқылы шығармашылықтарын шыңдауға зор мүмкіндік алды. Кейін балалар акт залында өздері дайындаған мерекелік концерт беріп, көрермендерді өнерлерімен тәнті етті. Аталмыш мейрамға бокстан олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері,Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, Азия, Африка, Америка және Австралияның ең ірі шөлдерін жүгіріп өткен әлемдегі жалғыз адам, марафоншы, әлемдік деңгейдегі спорт шебері Марат Жыланбаев және жеңіл атлетикадан, жүзуден, мылтықпен атудан спорт шебері, Ресейдің рекордсмені, паракаратэдан әлем чемпионы С.Бурлаков келді. Қонақтар арнайы ұйымдастырылған спорттық жарыстарды тамашалап, оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, барлық балалардың мүмкіндігі тең екендігін айтып, алда мол жеңістер тіледі.
 Арнайы ұйымдастырылған тәтті үстелден, пунто балмұздағынан дәм татып, сыйлықтарға ие болған балалар мәз-мейрам болып үйлеріне тарқасты.


Комментариев нет
184 просмотров
Автор: 83mektep
Добавлено: 13.10.2018 в 12:19

Послание президента

Дача взятки-Это преступление

Теменова Сауле Ермухановна

ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ

 ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ Г.Нұр-Сұлтан

Choose Colour